Архив событий

24/04/2017

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары

24/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға сот төрағасы мен судьялары,  «Есіл» аудандық прокуратурасының, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «АстанаТеплоТранзит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ өкілдері қатысты.

Соттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

24/04/2017

Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің ұйымдастыруымен «Соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидасы

24/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот мамандарына арналған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін зерделеу» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Дәріс сабағы барысында судья С.К. Нурабай, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығын атап өтті.

 Іс-шара соңында мамандарға тиісті ұсынымдар берілді.  

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/04/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған  сотталушы Т.-ға қатысты ҚР ҚК 287 бабының 1 бөлігімен қарастырылған қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотталушы себепсіз сот отырысына келмеу және кешігу арқылы сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Бұл жағдай сот мәжілісінің аудио-бейне жазбасында сақталған.

 Төрағалық етуші судьямен сотталушы Т.-ға   Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Судья «Пендеміз ғой» бағдарламасына қатысты

24/04/2017
2017 жылғы 18  сәуірде №2 Алматы аудандық сотының судьясы Қ.Қ.Әлхожаев  «Еуразия 1 каналы» телеарнасындағы «Пендеміз ғой» бағдарламасына қатысты. 
Бағдарлама барысында қатысушылар алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істерге қатысты сұрақтарды талқылады. 
 

 

Экономикалық сотта Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция талқыланды

24/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға экономикалық соттың судьялары, Астана қаласындағы «Республикалық әйелдер кеңесі» ҚБ филиалының төрайымы Х.Д. Балтаева  қатысты.

Модератор болып судья А.Каримова сөз сөйледі.

Компания жол-құрылыс техникасын жалға алған қарыз сомасын төлейді

24/04/2017

2016 жылдың сәуір айында "Я" ЖШС мен "П" ЖШС-нің арасында жол-құрылыс техникасын жалға алу туралы шарт жасалған.

Шартқа сәйкес талапкер өз қызметтерін көрсеткен, ол орындалған жұмыс актілерімен, шот-фактуралармен және сағаттық жұмыс табельдерімен расталған, алайда жауапкер аталған қызметтердің ақысын төлемеген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «П» ЖШС-нан «Я» ЖШС-нің пайдасына 3 миллион теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.  

Студенттер мен мектеп оқушылары ювеналды сотты аралады

24/04/2017

Астана қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында КазГЮА колледжінің заң факультеті студенттері мен №4,5,49,70 елордалық мектеп оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді.

Кездесу барысында студенттер мен оқушыларға сот жұмысы, кәмелетті жасқа толмағандарға қатысты істерді жүргізу тәжірибесі, жаңа инновациялық технологияларды қолдану туралы айтылды.