Архив событий

04/04/2017

Әкімшілік сотта семинар сабағы өткізілді

04/04/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасы және судьялардың қатысуымен табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

 Іс шара  қатысушылары атап өткендей, іс шараның мақсаты аталған санаттағы істерді зерттеу және құқық бұзушылық біліктілігі кезінде уәкілетті орган қызметкерлерінің өзекті мәселелерін талқылау болып табылды.

Тонаудың салдары

04/04/2017

2016 жылы 19 қазанда кәмелет жасқа толмаған С. өзінің достарымен жәбірленуші А.-ға шабуыл жасап, оның ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ұрланған телефонмен оқиға орнынан қашып кетіп, өз қалаулары бойынша иелік еткен.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін толық көлемде мойындап,  өкінішін білдірді  және жәбірленуші А-ға келтірілген залалды толық көлемде өтеді.

Ұрлыққа қатысты іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды

04/04/2017

2017 жылдың ақпан айында елордалық университеттің студенті Т. «Хан Шатыр» СОО-да құндыз тонын ұрлаған.

Сот талқылауы барысында жәбірленуші мен сотталушы арасында медиация келісімі жасалып, соңғысы материалды зиянның орнын толық көлемде өтеген.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Т.-ға қатысты қылмыстық іс медиациялық тәртіппен татуласуына байланысты қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енді.