Архив событий

18/04/2017

Есіл аудандық сотында брифинг өткізілді

18/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Д.Ә. Әбдіғалиев өз сөзінде, 2017 жылдың 1-тоқсанында сотқа барлығы 1619 арыз келіп түскен, оның 283-і бойынша сот бұйрығы шығарылып, 1094-і бойынша шешім шығарылған. 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сотқа барлығы 1544 арыз түсіп, оның 324-і бойынша сот бұйрығы шығарылып, 829-і бойынша шешім шығарылған.

Сот жауапкерден талапкердің пайдасына берешек сомасын өндірді

18/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «I» ЖШС-нің «М» АБҚ-нан 1 436 667 теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар арасында қызмет көрсету туралы шарт жасалғаны анықталды. Соған сәйкес талапкер жеткізіп, ал жауапкер көлік құралын уақытша иелігіне және қолдануға алған.

Талапкермен қызмет толық көлемде көрсетілді, алайда жауапкер көрсетілген қызмет бойыншаақы төлеу міндеттемелерін орындамады.

Сарыарқа аудандық соты жұмысшының құқығын қорғады

18/04/2017

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз. Г-ның «Б» ЖШС –нан жалақы сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер лауазымдық жалақымен күзетші лауазымына жұмысқа қабылданған, алайда оған 2015 жылдың мамыр-тамыз айларына жалақы төленбеген.

Мемлекеттік сатып алудың кезекті жосықсыз қатысушысы

18/04/2017

2016 жылы «Казгидромет» ШЖҚ-ғы РМК мен «Ignis KZ» ЖШС арасында 1 200 литр көлемінде сүт жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Сот отырысы кезінде шартқа сәйкес тауардың тек бір бөлігінің ғана жеткізілгені, жауапкермен міндеттемелері толық көлемде орындалмағаны анықталды.

Белгіленген мерзімде жауапкермен тауар жеткізілмеген, соған сәйкес, келісім шарт біржақты тәртіппен тоқтатылған.