Архив событий

20/04/2017

Сот пәтер алаяқтарын соттады

20/04/2017

2011 жылдың соңында М.К.Бектимиров Астана қаласы Әділет департаментінде шағын бизнес субъектісі ретінде «Квартиры-НС» ЖШС тіркеген және «Жылу құрылыс-Астана» ЖШС-нің директоры Н.С.Садуакасовпен «Араби» ТК салуға алдын ала қылмыстық астыртын сөз байласқан.

 Құрылыс 5 жылға созылды, қазіргі уақытта аяқталмаған және пайдалануға берілмеген.

Сотталушылар материалды-жауапты тұлғалар болып, 64 зардап шегушінің ақшалай қаражатын иемденіп, осылайша аса үлкен көлемде материалдық залал келтірген.

Елордалық сотта семинар сабағы өткізілді

20/04/2017

Судьялардың құзіреттілігін арттыру мақсатында Астана қалалық сотында «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесін зерттеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс шараға Астана қалалық сотының, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Сарыарқа аудандық сотында кәсіби медиаторлармен кездесу өткізілді

20/04/2017

Сарыарқа аудандық сотында «Медиация институты – дауды (жанжалды) шешудің баламалы әдісі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның кәсіби медиаторлары қатысты.

Сот жүргізушіден компанияның пайдасына келтірілген залал сомасын өндірді

20/04/2017

Азамат А. «С» ЖШС-де толық көлемде материалдық жауапкершілікпен жүргізуші қызметінде еңбек қарым-қатынасында тұрған. 

Еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде, жауапкер өзіне сеніп тапсырылған автокөлік құралын зақымдаған, бұл бағалау қорытындысымен расталады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау

20/04/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялар мен Астана қаласы кәсіпкерлер палатысының өкілдері, «Тұтынушылар лигасы» ҚБ және адвокаттар арасында  кездесу өтті.

Сот жеке кәсіпкерден негізгі қарыз сомасын өндірді

20/04/2017

2015 жылы «Р» ЖШС мен «А» ЖК арасында қызмет көрсету туралы келісім шарт жасалған.

Келісім шартқа сәйкес талапкер тұрғын үйлердің лифт кабиналарындағы ақпараттық тақталарда хабарламаларды орналастыру бойынша қызмет көрсетуге, ал жауапкер қызметке ақы төлеуге міндеттенген.

Жасалған жұмыс актісі бойынша «Р» ЖШС келісім шарт бойынша қызмет көрсеткен, ал жауапкер тарапынан міндеттер орындалмаған.