Архив событий

17/04/2017

КазГЮУ университетінің студенттеріне медиация туралы Заңның нормаларын түсіндірді

17/04/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қ.Тобағалиұлы, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның кәсіби медиаторы А.Сағадиеваның қатысуымен КазГЮУ университетінің студенттеріне «Қылмыстық сот ісін жүргізуде медиацияның рөлі» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.

Кездесу барысында судья мен кәсіби медиатор қылмыстық сот өндірісінде татуластыру рәсімдерін қолдану ерекшеліктерін түсіндірді.

Әділет саласындағы психологтың жұмысы

17/04/2017

Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төраға және судьялар,психолог, психологиялық орталықтар мен Астана қаласы ҮЕҰ-дың өкілдері, ювеналды адвокаттар алқасы, сонымен бірге Астана қаласының «Әлеуметтік даму институты» жеке мекемесінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында қатысушылар азаматтық істер бойынша және оның мазмұны мен қорытындысын дайындау барысында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізудің ерекшеліктері мәселелерін талқылады.

Ювеналды соттың судьясы «Сарыарқа» аудандық прокуратурасының ведомствоаралық отырысына қатысты

17/04/2017

Астана Сарыарқа аудандық прокуратурасы «2016 жыл және 2017 жылдың 1 тоқсанында ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша сотпен тоқтатылған әкімшілік істердің сот тәжірибесіндегі жағдайы» тақырыбында ведомствоаралық отырысын өткізді.

«Астана» радиосындағы сұхбат

17/04/2017

Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы С.Ж.Камарова «Астана» радиосының «Мен Қазақпын» бағдарламасында сұхбат берді.

Сұхбат барысында С.Ж.Камарова қылмыс жасаудың себептерін, жазалау шараларын және ата-ана құқынан айыру негіздерін атап өтті.

Сонымен бірге, бас маман соттағы тікелей эфирге қосылған дыбыс-бейне фиксациясымен жабдықталған сот залы және бала кабинеті мен психологтың жұмысы туралы айтып берді.