Архив событий

05/04/2017

Бағасы төмен саяхатқа уәде берген әйел алаяқтығы үшін сотталды

05/04/2017

2016 жылы Астана қаласы «Voyage tours» туристік агентігі ЖШС-нің директоры болған 23 жастағы әйел, заңсыз баю мақсатында,   «Instagram» мобильдік қосымшасы арқылы Доминикан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері үшін арзан бағада турлар мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратқан.

Туристік қызметтерді қамтамасыз ету үшін нақты мүмкіндігі болмаса да,  алдау арқылы сенімге кірген сотталушы, төрт жәбірленушіге  тиесілі ақшалай қаражатты иемденіп,  оларға жалпы сомасы 4 455 334 теңгені құрайтын үлкен көлемде материалды залал келтірген.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылды

05/04/2017

2017 жылы 8 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында бірқатар қылмысқа қатысы бар Ж., Ш., И.-ға қатысты қылмыстық істі қарау барысында, сот отырысының барлық қатысушыларының алдында зардап шеккен тараптың өкілі іс бойынша төрағалық етушінің бұйрығына бағынбай сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

 Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен зардап шеккен тараптың өкілі ҚР ӘҚБтК 653 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды.

Сот уақытылы жалақы төлемегені үшін айыппұл өндірді

05/04/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотымен аз.М-ның «М» ЖШҚ-ға қатысты жалақыны уақытылы төлемегені үшін айыппұл өндіріп алу  талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сарыарқа аудандық сотының сот бұйрығымен «М» ЖШҚ-дан талапкердің пайдасына жалақы сомасы өндірілді.

Екінші рет арызданған талапкер, жауапкердің шартта белгіленген мерзімде жалақыны уақытылы төлемегені үшін айыппұл өндіруді сұрады.

Сот жылжымайтын мүлікті тапсыруға міндеттеді

05/04/2017

Аз.М мен «А» ЖШС арасында инвестициялау шарты жасалып, аталған шартқа сәйкес, талапкер қаржыны пәтер алу мақсатында инвестициялап, ал жауапкер жылжымайтын мүліктің құрылысын жүргізіп, талапкердің иелігіне тапсыруға міндеттелген.

Келісім шартқа сай талапкер инвестор ретінде қаржылай ақшаны төлеген, алайда жауапкер көрсетілген уақытта пәтерді инвестордың иелігіне тапсырмаған.

Сот еңбек өтілінің заңды фактісін анықтады

05/04/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында аз.Т-ның заңды мағынасы бар фактіні анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, аз.Т. зейнетке шығуына байланысты құжаттарды рәсімдеу үшін еңбек өтілінің заңды фактісін орнату қажет болған.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.