Архив событий

26/04/2017

Қылмыстық сот ісін жүргізуде медиация рәсімін қолдану

26/04/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Қылмыстық сот ісін жүргізуде медиация рәсімін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға төраға, судьялар және «Медиацияны дамыту орталығы» Ассоциациясы РҚБ-ның өкілдері қатысты.

Медиация институтын насихаттау мақсатында қатысушылар күту залында ақпарат қабырғаларын орнату туралы бір шешімге келді.

            

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері елордалық соттарды аралады

26/04/2017

Жастарға құқықтық тәрбие беру және қоғамның құқықтық санасын арттыру мақсатында Астана қалалық сотында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері үшін «Ашық есік» күні өткізілді.

Астаналық сотта болашақ заңгерлер Қазақстан Республикасының тарих және құқық мұражайын аралап, онда оларды тарихи құндылығы бар экспонаттар, құжаттар мен фотосуреттер, сондай-ақ би сотының атрибуттарымен таныстырды.

Сот алдын ала төлем сомасын өндірді

26/04/2017

2016 жылы 29 қыркүйекте аз.И. мен «М» ЖК арасында жиһазды жеткізу және орналастыру бойынша келісім шарт жасалған.

Аз.И. жауапкерге жиһаз үшін алдын ала төлем жасаған, алайда соңғысы шарт бойынша міндетін орындамаған.

Жауапкер тарапынан шарт бойынша көрсетілген міндеттемелер уақытылы орындалмауына байланысты, талапкер шартты бұзылды деп танып, төлемақы сомасын кері қайтаруды, моральдық зиянды өтеуді сұрады.