Архив событий

19/04/2017

Астана қалалық сотының төрағасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне дәріс жүргізді

19/04/2017

2017 жылғы 19 сәуірде Астана қалалық сотының төрағасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне  дәріс жүргізді. 

Іс-шараға оқытушылар құрамы, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Әділет академиясының магистранттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, студенттер қатысты. 

Есіл аудандық соты судьяларға арналған әдістемелік нұсқаулық шығарды

19/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотымен судьяларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар жинағы шығарылды.

 Жинақта неғұрлым көп қаралатын жекелеген санаттағы азаматтық істер бойынша сұрақтар мен анықтауға жататын мән-жайлар туралы әдістемелік нұсқаулықтар жазылған.

 Жинаққа банктік даулар бойынша қарыз сомасын, соның ішінде кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу; мүлiкті тыйым салудан босату туралы, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы  әдістемелік нұсқаулықтар енгізілген.

Медиация – келісімге бастар жол

19/04/2017

Астана  қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» РҚБ-ның өкілдері мен сот мамандарының қатысуымен «Медиация-келісімге бастар жол» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Сот салық берешегін өндірді

19/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотымен «Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-ның азамат Е.-ге қатысты жеке табыс салығы бойынша салық берешегін өндіріп  алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер ЖТС бойынша декларацияны 2 151 803 теңге көлемінде тапсырған.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 183-бабына сәйкес, жауапкер салық төлеу бойынша міндеттемені орындамаған.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына салық берешегі өндірілді.

Судья «Пендеміз ғой» бағдарламасына қатысты

19/04/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Б. Бияхметова «Әлін білмеген әлек» тақырыбында өткен «Пендеміз ғой»  бағдарламасында сөз сөйледі.

Өз сөзінде судья, алимент сипаты жағынан бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы зор өндіру болып табылады, ал алиментті өндіру бойынша шыққан әрбір сот шешімінің орындалуы баланың өміріне әсер ететіндігін айтты.

Сонымен бірге, Б.Бияхметова аталған санаттағы істер жылдан жылға артып келе жатқандығын тілге тиек етті. Сол себепті қазіргі таңда бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуде.

Жеңіл ақшаның соңы - ауыр жазаға апарады

19/04/2017

2016 жылы 12 желтоқсанда Астана қаласы Ішкі істер департаменті ЕБҚБ қызметкерлерімен жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу барысында Учхоз тұрғын ауданындығы үйлердің бірінің ауласында П. ұсталып, одан салмағы 7,6932 гр. болатын гашиш есірткі заты табылған.

Сонымен бірге, үйдің автотұрағын қызметтік-іздеу иттері арқылы тексеру кезінде, П.-ға тиесілі жол сөмкесі табылып,оның ішінен салмағы 1кг. 732,6966гр. гашиш есірткі заты табылды және тәркіленді.

П. есірткі заттарын одан әрі сату мақсатында заңсыз сақтаған.

Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі еңбек заңнамаларын қолдану тәжірибесі

19/04/2017

  «Казпрофметалл» өнеркәсіп тау-кен металлургиялық кәсіподағы «Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі еңбек заңнамаларын  қолдану тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен өкілдері, Ресейдің тау-кен кәсіподағының өкілдері және Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьялары А.Молдабаева мен А.Ахметова қатысты.

Сот жеткізілген көмір берешегін өндірді

19/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Т» ЖШС-нің «К» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер 2016 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығында жауапкерге көмір жеткізген. Алайда жауапкер төлемге қатысты өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындамаған, соған байланысты талапкердің алдында қарыз пайда болған, ол тіркелген шот-фактуралармен расталады.

Дау медиация тәртібімен реттелді

19/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында талапкер аз. С.-ның  жауапкер «С» ЖШС-ға қатысты соманы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.  

 Істі қарау кезінде тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы арызбен  сотқа жүгінген.

Сот дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімін қарап, оны бекіту мүмкін деп есептеді, өйткені оның мазмұны заңға қайшы келмейді және басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайды.