Есіл ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық сот мәжілісінде қорғаушы болып қатысатын адвокаттар үшін Ашық есік күні өткізілді.

Кездесу барысында төрағаның міндетін атқарушы А.Ш.Жамансарива «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының үстемдігін түсіндіріп, сонымен бірге «Сот кабинеті» арқылы құжаттарды жолдау тәртібі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесінің басқа да фукционалдарымен таныстырды.

Сот жүйесінің ашықтығы халықтың сот билігіне деген сенімін нығайта отырып, сапалы түрде сот төрелігін жүзеге асыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығының қалыптасып жатқаны қатысушылармен аталып өтті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі