Сот медиациясын жетілдіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында судьялар мен «Медиация дамыту орталығы» РҚБ-нің медиаторларының қатысуымен «Сот медиациясын жетілдіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судья А.Е.Молдыбаева өзінің баяндамасында Жоғарғы Соттың әзірлеген пилоттық жобаның артықшылықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сонымен бірге медиация тәртібімен міндетті сотқа дейінгі дауларлы реттеуді жекелеген санаттар бойынша жүзеге асыру жөніндегі пилоттық жобаның мақсаттары мен ережелерін түсіндірді.

Сонымен қоса, медиация үрдісін ұйымдастыру мен өткізуде маңызды элемент – еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация процесіне араласуына жол бермеу, құпиялылығы болып табылатындығын атап өтті.

 Дөңгелек үстел қатысушылары пилоттық жобаны  ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтарды талқылады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі