Сот жемқорлық құқық бұзушылық бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты К-ға, Д-ға және Г-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып:

Тергеу барысында К. 47 000 АҚШ доллары сомасында Д-ның ақшасын алаяқтық жасау арқылы жымқырғаны және оны өкілеттіктеріне, құзыреті  мен мүмкіндіктеріне Д-ны Астана медицина университетінің ректоры етіп тағайындау туралы мәселелерді шешу кіретін жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға пара беруге итермелегені үшін айыпталды.

Д. пара беруге оқталғаны үшін айыпталды. Д. Астана медицина университетінің ректорының міндетін атқара отырып, оны аталған Университеттің ректоры лауазымына тағайындау туралы мәселені шешу үшін делдал арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға 47 000 доллар көлемінде пара берген.

Бұдан басқа, Д. ЖШС-ның басшысы Г-дан 10 000 АҚШ доллары мөлшерінде пара, жалпы сомасы 440 311 теңгені құрайтын 2 дана пальто, авиабилеттер мен Алматы қаласындағы қонақ үйде тұру ақысын алғаны, кітап жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасағаны, олар бойынша төлемді жеделдеткені, Г-ның компаниясын 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізгені, сондай-ақ жалпы қамқорлық  танытқаны үшін айыпталған.

Г. Астана медициналық университетінің проректоры - Д-ға мүліктік сипаттағы пайда ұсынғаны үшін пара берді деп айыпталды.

Сотталушылардың кінәсі қалай дәлелденді:

Сотталушы Д-ның, куәлардың айғақтарымен, сотталушылардың ұялы телефондарының деректерін және құжаттарды алу хаттамаларымен, сотталушылар мен куәнің тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орны бойынша тінту хаттамаларымен, бетпе-бет кездестірулермен, сараптама қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен.

Жазалау бойынша соттың шешімі:

«К.» аса ірі көлемдегі алаяқтық және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға не лауазымды адамдарға ірі мөлшерде пара беруге айдап салу фактісі бойынша сотталды (ҚК-нің 190-бабының 4-тармағының 2-бөлігі, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).

Оған қылмыстық жолмен табылған 980 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат түріндегі мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жас балалардың болуын, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

«Д» жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға не лауазымды адамдарға ірі мөлшерде пара беруге оқталу және айтарлықтай мөлшерде пара алу  фактілері бойынша сотталды (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 366-бабының 2-бөлігі). Сот үкімімен Д. мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталды.

Д-ға жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде-жас балаларының болуын, шын жүректен өкінуін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және сотталушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да сыбайластарын әшкерелеуге белсенді ықпал етуін, жүктілігін, денсаулық жағдайын, оң мінезделуін, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Сонымен бірге, сот аталған жеңілдететін жағдайлардың жиынтығын ерекше, қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін едәуір төмен деп танып, Д-ға қатысты ҚК-нің айыпталған бабының санкциясымен көзделген төменгі шектен төмен жаза тағайындады.

«Г.» мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға едәуір мөлшерде пара беру фактісі бойынша мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК 367-бабының 2-бөлігі).

Сот Г-ға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың болмауын ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 соты