Сот жеке сот орындаушысының қаулысының күшін жойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот шешімімен азамат Е. мен «Х» ЖШС-дан ортақ тәртіппен Банктің пайдасына 2 млрд. 832 миллион теңге сомасында берешек өндіріліп алынды, сондай-ақ «Х» ЖШС-дан Банктің пайдасына 515 млн. теңге сомасында берешек өндіріп алынды.

Атқарушылық іс жүргізу барысында азамат Е. өз мүлкін сату есебінен 2,8 млрд. теңге сомасына ортақ міндеттемелерді орындады.

Алайда, іс жүзінде өтелген берешекке қарамастан, оның қалдығы 32 млн.теңге болған кезде, Банк 548 млн. теңге сомасындағы ортақ берешек қалдығын көрсете отырып, атқару парағымен басқа жеке сот орындаушысына жүгінді. Сот орындаушысы көретілген сомаға атқарушылық іс жүргізуді қозғады.

Аталған сомаға атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен келіспеген азамат Е. тиісті қаулыға Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на шағымданды.

Сотпен жеке сот орындаушысының заңсыз қаулысының күші жойылды.

Банкпен азамат Е.-нің 515 млн. теңге мөлшерінде «Х» ЖШС заңды тұлғасының жеке берешегін қосқан ортақ берешегінің сомасын негізсіз көрсеткені анықталды. Жеке сот орындаушысы берешекті қайта тексермей, атқарушылық іс жүргізуді қозғап, азамат Е. мен оның жұбайының шоттары мен мүлкіне тыйым салған.

Алдыңғы сот орындаушысы талапкер ортақ берешекті өтеген кезде борышкердің 2,8 млрд.теңге сомасына атқарушылық құжаттың талаптарын орындағаны туралы тиісті белгі жасамаған. Осыған байланысты талапкер бұл орындауды сотта дәлелдеуге мәжбүр болған.

Сот шешімімен азамат Е.-ның құқықтары қалпына келтірілді, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына шаралар қабылдау және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу үшін жеке ұйғарым енгізілді.

Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттармен сот шешімі күшінде қалдырылды.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты