Елорда тұрғыны мүгедектігін сот арқылы қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат М.-ға екінші топтағы мүгедектік белгіленген.

Алайда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Әдіснама және бақылау бөлімімен азамат М.-ға үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу туралы акт қабылданған.

Мұндай шешіммен келіспеген М. Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на жүгініп, мүгедектіктің екінші тобын белгілеу туралы актіні күшінде қалдыра отырып, актіні заңсыз деп тануды және оның күшін жоюды, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны төлеуді қайта есептеудің қажеттілігі туралы ақпарат беруді сұраған.

МАӘС шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Әдіснама және бақылау бөлімінің актісі заңсыз деп танылып, күші жойылды, тараптар бастапқы Ережеге келтірілді. Департаментке сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, тиісті әкімшілік актіні қабылдау бойынша іс-қимыл жасау міндеті жүктелді. Сот қойылған талапты бөлімнің мүгедектіктің екінші тобын белгілеу туралы актісін күшінде қалдыру, мүгедектік туралы жәрдемақыны төлеу бойынша қайта есептеуді жүргізу туралы ақпаратты беруге мәжбүрлеу бөлігінде қанағаттандырудан бас тартты.

Апелляциялық алқамен сот шешімі өзгертіліп, қойылған талап толық көлемде қанағаттандырылды.  

Сот процесі барысында М. - ға қорытынды бойынша «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедектіктің II тобы бір жыл мерзімге белгіленгені анықталды.

2021 жылғы шілдеде МСС-тің Әдіснама және бақылау бөлімі жоғарыда көрсетілген қорытындыны бақылау тәртібімен қайта қарап, 2 жыл мерзімге мүгедектіктің III тобын белгілеген.

Бірінші сатыдағы сот талапкердің қойған талаптарын ішінара қанағаттандырып, сараптамалық қорытындының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде қайта куәландыру рәсімі бұзылған деген тұжырымға келді.      М. тексеру орны мен оның өткізілетіні туралы хабардар етілмеген. Комиссия отырысы мен тексеру аудиобейнетіркеу болмаған кезде жүргізілген, талапкердің комиссия құрамына қарсылық білдіру құқығы бұзылған.

Апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттар «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында М. - ға екінші топтағы мүгедектікті беру туралы берілген бастапқы қорытындыны қайта қарау көзделмеген деген ортақ пікірге келді. Осыған байланысты, талапкердің сенім құқығын жоғалтуына жол бермейтін себептер болмаған жағдайда жауапкер берілген қорытындыны қайта қарауға құқылы емес.

Осылайша, дау толық көлемде талапкердің пайдасына шешілді, құқықтар қалпына келтірілді.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты