Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 20 шілдеде М. атты азамат ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған.

Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

М.-нің түсініктемесі бойынша ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметтемеушілік білдіруге бағытталған, қасақана әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты