Ұялы байланыс қызметі бойынша берешек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«К» ЖШС және аз. К. арасында GSM стандартты ұялы байланыс желісінің қызметін ұсынуға шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес оператор клиентке ұялы байланыс желісіне қолжетімдігі бар SIM-картасын берген, жауапкер өз кезегінде, қолданыстағы тариф және шартпен белгіленген  тәртіпте байланыс қызметіне төлем жасауға міндеттенген.

Сотта анықталғандай, жауапкермен қабылданған міндеттеме белгіленген мерзімде орындалмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына ұялы байланыс қызметін төлеу бойынша берешек сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі