Архив событий

18/07/2017

Туристік фирма туристерге мүліктік зиянды өтейді

18/07/2017

          Астанада әйел туристік фирмамен келісім шарт жасасып, демалуға кеткен.

         Демалыс кезінде туристің баласында соқыршек жіті ұстамасы басталған, соған сәйкес, баласын емдеуге 500 000 теңге көлемінде, ал қайту жолына әуебилеттер алуға 112 000 теңге шығын келтірілген.

        Сотта анықталғандай, туристік айналымын ресімдеу кезінде талапкерге және оның баласына медициналық сақтандыру полисі жазылмаған, сол себепті, Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты туристік фирмадан мүліктік зиян сомасын өндірді.

         Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу

18/07/2017

        Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.      

         Дөңгелек үстел жұмысына сот судьяларымен бірге Есіл ауданы прокуратурасының, аудандық ІІБ-ның,       Сарыарқа ауданының ІІБ-ның ТБ бөлімінің, Сарыарқа ауданының ІІБ-ның ЖПБ ЖПҚ-нің, «Право» ҚҚ-ның өкілдері қатысты.

Елордалық мұнай магнаты

18/07/2017

Елорда тұрғыны «Е» ЖШС-нің диреторы бола тұра, өз үйінің аумағына мұнай өнімдерін алу және сақтауға арналған сыйымдармен, мотор сорғыларымен жабдықталған құрылыс жүргізген.

Б. бензин және дизель отыны түріндегі мұнай өнімдерін заңсыз, құжаттарсыз сақтаған.

Сотта сотталушы мұнай өнімдерін заңсыз сақтады деген дәйекке қарсылық көрсетпеген.

Ішімдік және қылмыс

18/07/2017

Ішімдікке деген тәуелділік адамды заңды бұзуға итермелейді.

2017 жылы 4 наурызда ішімдік ішіп отырған екі еркек арасында кикілжің пайда болады, соның барысында бірі екіншісіне дене жарақатын келтірген. Ер адам жәбірленушінің қарсыласуына қарамастан басының тұсынан балтамен бірнеше соққы берген.

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзды

18/07/2017

2017 жылы 4 мамырда елорданың көшелерінде Тәжікстанның азаматы Ф. анықталды, ол Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Астана қаласында көшеде тіркеліп, өзі нақты басқа мекен-жайда тұрған.

Тәжікстанның азаматы Ф. Қазақстан Республикасына ішкі істер органдарында тіркелмеуі арқылы ҚР-дың халықтың көні-қон саласындағы заңнамасын бұзған.  

Татуластыру рәсімдері

18/07/2017

          Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Татуластыру рәсімдері», «Істі сот талқылауына дайындау» тақырыптарында семинар сабақтары өткізілді.

         Жұмыс барысында төрағаның м.а. М.Касымова 2017 жылдың 1 жартыжылдығында  сот төрелігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша қорытындылады.

         Судья Г.Сейтхожина татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртібін түсіндірді.