Архив событий

17/07/2017

Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті

17/07/2017

          Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті» тақырыбында дәріс өткізіліп, оған сот мамандары мен кеңсе меңгерушісі қатысты.

         Судья К.А. Ермаганбетова өз сөзінде,  Президенттің үнемі мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын атап өтетіндігін тілге тиек етті. Ғалымдар мен зиялылар арасында үнемі тілді дамыту тақырыбын жиі қозғайды. Мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту ел патриоттарының алдыңғы орындағы міндеті болуы тиіс.

Сот регресс тәртібімен залалды өндірді

17/07/2017

АҚ «Казахмыс Сақтандыру компаниясы» азамат Е-ден регресс тәртібімен 500 000 теңге көлемінде зиянды қалпына келтіру туралы талап- арызы бойынша сотқа жүгінді.

Жауапкер өзінің «Hyundai Accent» маркалы көлігін сақтандырады, содан кейін сақтандыру полисін алады.

2016 жылы 21 қыркүйекте аз.Е. өз автокөлігін басқарып келе жатып, жәбірленуші Д.-ның автокөлігімен соқтығысады.

Астанадағы автокөлік ұрысы

17/07/2017

       2017 жылы 18 сәуірде М. «Орбита» сауда үйінің тұрағындағы автокөліктің салонына заңсыз кіріп, жәбірленуші Д.-ның жеке заттарын жасырын ұрлау арқылы, 363 500 теңге сомасында оған материалды зиян келтірген.

         Бұныменен тоқтамай, осы жылдың 20 сәуірінде М. «Астана Молл» ССО-ның тұрағында тұрған автокөліктің салонына заңсыз кіріп, жәбірленуші В.-ның 100 000 теңге сомадағы жеке заттарын жасырын ұрлаған.

         Жәбірленушілерге сотталушымен материалды зиян өндірілмеген.

Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңамасын қадағалауға бақылау жасау

17/07/2017

        Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңнамасын қадағалауға бақылау жасау» тақырыбында семинар сабағы өткізіліп, оған сот мамандары мен кеңсе меңгерушісі қатысты.

Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы

17/07/2017

           Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді, оған сот мамандары мен кеңсе меңгерушісі қатысты.

         Қатысушылар сот тәжірибесінде еңбек дауларын қарау және шешу кезінде заңнамалардың кейбір нормаларын бірыңғай қолдану мақсатында шығарылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N9 нормативтік қаулысын талқылады.