Архив событий

05/07/2017

Сот жұмыс берушіні жалақы бойынша қарызды өтеуге міндеттеді

05/07/2017

Азамат А. және «К» арасында 2016 жылдан бастап еңбек келісім шарты жасалған, шарт бойынша талапкер жұмысқа күзетші қызметіне қабылданған.

Әр үш ай сайын келісім-шарт қайта рәсімделген.

Сотта анықталғандай, жұмыс уақыты барысында  қызметкерге еңбекақы төленбеген.

Осылайша, жауапкер талапкердің алдында заңнамамен белгіленген міндеттемелерді бұзған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен ЖШС-дан  талапкердің пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Экономикалық сотта кәсіби медиаторлармен кездесу өткізілді

05/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.Жамансариева «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның медиаторларымен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында А.Жамансариева татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы айта келе, медиация сот төрелігін сапалы және тиімді жүзеге асырудың бірден бір жолы екенін атап өтті.

ЖШС қолданылған энергия үшін 4 млн. тенге қарыз

05/07/2017

2015 жылы тараптардың арасында энергияны жабдықтау туралы шарт жасалынған, шартқа сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС-і «А» ЖШС-ның объектісіне жалғанған желі арқылы энергия (электр немесе жылу) қойғандығы анықталды.

Сотта жауапкер қолданылған энергия үшін төлеу бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған, соған байланысты 4 млн теңге көлемінде қарыз пайда болғаны анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Алименттен жалтарған ер адам миллионға жуық теңге көлемінде өтемақыны төлейді

05/07/2017

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27  бабының нормаларына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Осылайша, баланың анасы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына бұрынғы күйеуіне қатысты 2011 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың наурыз айына дейін атқару құжаттары бойынша алиментті уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын өндіру туралы арызбен жүгінді.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдығын қорытындылады

05/07/2017

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасының,  судьялардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындылары бойынша пресс-конференция өтті. 

Сот төрағасы Б.Ж.Есенов сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен  сот жұмысының нәтижелері туралы атап өтті.

Сотқа 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 310 қылмыстық іс түсті,  оның ішінде 302 қылмыстық іс  мәні бойынша қаралған.

Экономикалық сот жауапкерден жоба жұмыстарын орындамағаны үшін қарыз сомасын өндіріп алды

05/07/2017

Талапкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «B» ЖШС-нан 12 млн теңге көлемінде қарыз сомасын өндіру туралы талабымен  жүгінді.

Сотта тараптар жоба жұмыстарын орындау туралы шарт жасағаны анықталды, шартқа сәйкес, «В» ЖШС-і «Астана қаласындағы көпқабатты тұрғын үй мен автокөлік тұрағы» жоба бойынша құрылыс құжаттарды әзірлеуге, ал жауапкер жұмысты қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Алайда, жауапкермен ақы төлеуге қатысты шарт міндеттемелері бұзылған.

Сот бейнебақылау жүйесін қолданғаны үшін абоненттік төлемді өндіріп алды

05/07/2017

2014 жылы «Б» ЖШС мен «С» ЖШС арасында бейнебақылау жүйесімен абоненттік қамтамасыз етуге шарт жасалған, оған сәйкес тапсырыс беруші ай сайын бейнебақылау жүйесін қолданғаны үшін, жөндеу және техникалық қамтамасыз еткендігі үшін абоненттік төлемді төлеп отыруға міндеттенді.

Жауапкермен шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған, нәтижесінде 600 мың теңгеден астам көлемде қарыз пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндіріп алды.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуы

05/07/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ж» ЖШС-нің «Ш» ЖШС-нен 44 млн теңгеден аса қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу тәсілімен татуласу рәсімдерін қолдану туралы өтініш келіп түсті.

Тараптардың келісімі бойынша жауапкер келісілген мерзімге дейін қарыз сомасын төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ұялы байланыс қызметі бойынша берешек

05/07/2017

«К» ЖШС және аз. К. арасында GSM стандартты ұялы байланыс желісінің қызметін ұсынуға шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес оператор клиентке ұялы байланыс желісіне қолжетімдігі бар SIM-картасын берген, жауапкер өз кезегінде, қолданыстағы тариф және шартпен белгіленген  тәртіпте байланыс қызметіне төлем жасауға міндеттенген.

Сотта анықталғандай, жауапкермен қабылданған міндеттеме белгіленген мерзімде орындалмаған.

Сот жұмыскерден материальдық шығынды өндірді

05/07/2017

2014 жылы  жүргізуші С.-ның басқаруындағы миксер көздеген объектіге жетпестен аударылып қалды. Нәтижесінде, жеткізілетін бетон жарамсыз болып қалған.

Аз.С. «C» ЖШС-да толық жеке материалдық жауапкершіліктегі автокөлік жүргізушісі лауазымында болған.

Жауапкер  өзіне сеніп тапсырылған мүлікке немқұрайлы қарауынан  жұмыс берушіге елеулі материалдық залал келтірген, соған сәйкес, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жаупкерден  материальдық шығын сомасы өндірілді.

Гендерлік теңдік

05/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот мамандары үшін  «Гендерлік теңдік - адамзаттың өзекті мәселесі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.