Архив событий

31/07/2017

Азаматтық сот өндірісінде медиацияны қолдануды күшейту бойынша қосымша шаралар талқыланды

31/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2017 жылдың 6 айында азаматтық істерді қараудағы татуластыру рәсімдерін қолдану нәтижесі талқыланған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының м.а., судьялар және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ мен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторлары қатысты.

Есіл аудандық соты елордалық 18 тұрғынның құқығын қорғады

31/07/2017

Елорда тұрғындары Астана қаласы Есіл аудандық сотына құрылыс компанияларының бірінен жалақыларын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Сонымен, 2014 жылы құрылыс компаниясы мен тұрғындар арасында жеке еңбек шарты жасалған, сол бойынша компанияның қызметкерлер алдында қарызы пайда болды.

Қазіргі уақытқа дейін компаниямен жалақы төленбеген, осылай қызметкерлердің құқықтары бұзылған.

Студенттер Есіл аудандық сотын аралады

31/07/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

         50-ден астам студент ҚР Жоғарғы Сотының мұражайын, сот отырысы залдарын, судьялардың жұмыс кабинеттерін аралады, сонымен бірге, дыбыс-бейнетіркеу жүйесінің мүмкіндіктерімен және ақпараттық технологиялармен танысты.

Бейбіт келісім

31/07/2017

2015 жылы екі елордалық компания арасында өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша консультациялық қызмет көрсетуге шарт жасалған. Алайда жауапкер ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Сот талқылауы барысында тараптар бейбіт келісім жасады, жасалған келісімге сәйкес жауапкер қарыз сомасын растап, келісілген уақытта қарызды өтеуге міндеттенді.

Тараптар медиациялық келісім жасады

31/07/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында басқарушы компанияның елорда тұрғынына қатысты қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша келісім түсті.

Тараптар ер адам коммуналды қызметтер үшін қарызды төлеуге міндеттелді деген келісімге келді.

Сот компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

31/07/2017

2017 жылы қаңтарда «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитеті Астана қаласы төтенше жағдайлар бойынша өрт сөндіру және  құтқару жұмыстары департаменті» елордалық компаниялардың бірімен мемлекеттік сатып алу келісім шартын жасаған.

Шарт талаптарына сәйкес компания бассейнмен қамтамасыз ету сервисі бойынша қызмет көрсетуге міндеттенді.

Алайда компания шарт бойынша қызметтерді орындамаған.

Сот қарыз сомасын өндірді

31/07/2017

2013 жылы ер адам екінші дәрежелі банктің бірімен заем шартын жасаған, соған сәйкес қарызды төлеу мерзімі әр айдың 15-не дейінгі кезеңді қамтыған.

Сот талқылауы барысында банкпен займ сомасының толық көлемде төленгені, алайда ер адамның қарызды қайтару бойынша өз міндетін тиісінше орындамағаны анықталды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды және банктің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.