Архив событий

21/07/2017

Ұрлық жасауға әрекет

21/07/2017

         2017 жылы 19 сәуірде «Бәйтерек» монументі жанында аз.И. заңсыз «Код граббер» сканері арқылы жәбірленуші У.-ға тиесілі автокөлікке кіріп, жасырын түрде бала автокреслосы мен автомагнитоланы ұрламақ болған.

         Алайда полиция қызметкерлері көріп қалып, өзінің қылмыстық әрекетін соңына дейін жеткізе алмады.

         Қашу барысында учаскелік полицияға, қылмыс жасау кезінде сонда болған  аз.Б. көмектескен.

Кәмелетке толмағанмен жасалған бұзақылық

21/07/2017

          Кәмелет жасқа толмаған бала елордалық колледждердің бірінің аумағында темекі бұйымын пайдаланып, оның қоқысын жерге тастаған.

         Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабымен кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

         Қаулы заңды күшіне енді.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

21/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС-нің «Т» ЖШС-нен қарыз сомасы мен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі сотта талқылау кезінде тараптар сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу келісімін бекіту туралы өтінішпен жүгінді.

Келісімге сәйкес жауапкер келісілген мерзімге дейін қарыз сомасын төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Мүлікті тыйым салудан босату

21/07/2017

         2016 жылы ер адам «С» ЖШС-дан пәтер сатып алады.

         Сотта ер адамның пәтер ақысын төлегені анықталды, нысан салынған және пайдалануға берілген, қабылдау комиссиясының мемлекеттік актісі тіркелген.

         Алайда сатып алушы «С» ЖШС-ның атына қойылған шектеулер кесірінен  алған пәтерін өз атына тіркей алмай,  құқығын жүзеге асыра алмаған.

         Астана қаласы Алматы аудандық соты ер адамның жылжымайтын мүлкін тыйым салудан босатып, талап арызды қанағаттандырды.

Сот қолданылған энергия үшін 2 млн теңге қарызды өндіріп алды

21/07/2017

2015 жылдың қазан айында энергиямен жабдықтау шартына сәйкес  «Астанаэнергосбыт» ЖШС-і жалғанған желі арқылы электр және жылу энергиясын «А» ЖШС-нің объектісіне қойған.

Сотта анықталғандай, жауапкер энергияның төлемін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін тиісінше орындамаған, соған сәйкес, 2 млн.теңге көлемінде қарыз пайда болған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерден  қарыз сомасын өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Лизинг затын талап ету

21/07/2017

2007 жылы «К» АҚ мен «О» ШҚ арасында қаржы лизингі шарты жасалған, соның негізінде жауапкерге ауыл шаруашылық техникасы берілді.

Жауапкер жауапкер талапкерге бақылау жасау үшін лизинг затын көруге кедергі келтірмеуге міндеттенді.

Алайда жауапкер міндеттемелерін тиісінше орындмағандықтан, талапкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «О» ШҚ-дан лизинг затын талап ету туралы талаппен жүгінді.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.