Архив событий

28/07/2017

Астана қалалық сотында соттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өтті

28/07/2017

Астана қалалық сотында «Соттардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестік актілер жасау қауіп-қатер кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс шараға соттағы ішкі қауіпсіздік және жемқорлықтың алдын алу бөлімінің қызметкерлері, сот приставтары, ҚР ҰҚК Департаментінің отставкадағы полковнигі және «Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің батальон командирлері қатысты.

Елордалық дәмхана иесіне айыппұл салынды

28/07/2017

2017 жылы уәкілетті орган елордадағы «Шамбала» дәмханасында тексеру жүргізді.

Дәмхананы тексеру барысында, ҚР лаңкестікке қарсы күрес туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты, уәкілетті тұлғамен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Аталған нұсқама дәмхана өкілімен алынған. Алайда, белгіленген уақытта нұсқама талаптары орындалмаған, нұсқама талаптарының орындалғаны жөнінде жазбаша ақпарат ұсынылған жоқ.

Сот эксплуатациялық қызмет көрсету бойынша берешекті өндірді

28/07/2017

2017 жылы елорда тұрғыны эксплуатациялық қызметтер көрсету бойынша басқарушы компаниямен келісім шарт жасаған.

         Алайда, пәтер иесі эксплуатациялық қызмет көрсету бойынша ақы төлеу міндетін орындамады, осыған байланысты, онда берешек пайда болды.

         Сонымен бірге, ортақ меншікке жататын үйдің сол бөліктеріне жататын ортақ қаржылай қамтамасыз етуге, кондоминиумының басқаруына қатысуы немесе қатыспауына қарамастан, көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер иелерінің міндеттері  заңнамамен қарастырылған.

Астана қалалық сотының төрағасы интернет-конференция өткізеді

28/07/2017

2017 жылғы 31 шілде айында сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасымен интернет-конференция өтеді.

Алматы аудандық сотында семинар өтті

28/07/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Жеке меншік ұғымы және оның түрлері, өзге де заттық құқықтар. Меншік құқығын қорғау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс шараға судья А.Е.Молдыбаева, Алматы аудандық соты және Алматы ауданы №2 аудандық сотының мамандары қатысты.

Семинар барысында судья А.Е.Молдыбаева жеке меншіктің кейбір мәселелері туралы айта кетті.

Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы

28/07/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы У.Г.Рахматуллаев  «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық конкурсының дипломын судья Б.Н.Ахметқалиевке салтанатты түрде табыстады.

Сот төрағасы судьяның мемлекеттік тілді дамытуда қосқан үлесі мен жеткен жетістігін ерекше атап өтті.