Архив событий

14/07/2017

Студент оқу үшін қарызды төлейді

14/07/2017

Студент, ЖОО және «Қаржы орталығы» ММ арасында үшжақты несие келісімі жасалды.

Келісім шарты бойынша мекеме студенттің-мемлекеттік білім заемшігінің оқуына ақшалай қаражат аударған.

Заем алушы несиені он бес жыл ішінде немесе алдын ала төлеуге міндетті болатын,алайда өз міндетін орындамаған.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен студент талапкерге қарызды төлейді.

 Шешім заңды күшіне енбеді.

Төлем тапсырыс берушіге қайтарылды

14/07/2017

2016 жылы қыркүйек айында талапкер жауапкерге чиллерге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 1 500 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған.

Талапкердің объектісінде жауапекрмен құрылыс жұмысы орындалмаған, соған сәйкес, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен берешек сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот шешімімен еңбек өтілі қалпына келтірілді

14/07/2017

Аз.А. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына оның ұйымда жұмыс атқарғандығы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау бойынша жүгінген.

Талапкердің зейнетақы ісін жүргізу және зейнетақы есебін қалыптастыру кезінде белгілі болғандай, оның еңбек кітапшасында еңбек өтілі көрсетілмеген, соның салдарынан белгілі мөлшердегі зейнетақыны алу бойынша біршама кедергілер туындаған.

Сотпен анықталғандай, талапкер шын мәнінде 16 жыл «К» мекемесінде төраға ретінде жұмыс жасаған.

Студенттерге ашық есік күні өткізілді

14/07/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрағасы Б.Есенов «ҚазГЗУ университеті» АҚ-ның аға оқытушысы және бітіруші курс студенттерімен кездесті.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Сонымен бірге студенттерге «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы электронды құжаттарды тапсыру жолдары түсіндірілді.

Заң бюросы қарыз сомасын өтейді

14/07/2017

Талапкер мен жауапкер арасында заңды қызмет көрсету туралы келісім шарт жасалған, оның шарттары бойынша жауапкер жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша талапкердің құжаттарына заңдық қызметтер көрсету керек болған.

Сотта жауапкермен келісім шартта көзделген талапкердің мүддесін сот отырысында өкілдік ету тармағын орындамағаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен заңды қызмет көрсету бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.