Архив событий

27/07/2017

«Марвин» дүкенінде ойын дискілері ұрланды

27/07/2017

2017 жылы маусым айында ер адам «Сарыарқа» СОО-ның екінші қабатындағы «Марвин» дүкеніне ойын дискілерін қарауға кіреді.

Содан кейін, жан жағына қарап алып, пакетіне 18 дана дискті салып алады және дүкен есігінің алдында қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жоқтығын пайдаланып, еш кедергісіз ұрланған дискілермен шығып кетеді.

Алматы аудандық соты қарызды өндірді

27/07/2017

       2014 жылы елорданың екі тұрғыны «Еуразиялық Банк» АҚ-мен келісімге келген және оларға несие өтінімі негізінде транш берілген. Транштар қолданғаны үшін қарыз алушылар банкке сыйақы төлеуге міндеттенген.

         Алайда қарыз алушылар келісім бойынша міндеттерді тиісінше орындамаған. Оған қоса,  қарыз алушылар қарызды өтеу үшін ешқандай шара қолданбаған.

            Астана қаласы Алматы аудандық соты банктің талап арызын қанағаттандырды және қарыз алушылардан қарыз сомасын өндірді.

Жігіт досына қыз сатқан

27/07/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Ж.-ны ҚР ҚК 128 бабының 1 бөлігімен (адам саудасы) досына 50 000 теңгеге қызды сату фактісі бойынша соттады.

Сотпен Ж.-ға орта қауіпсіздік  жүйесіндегі қылмыстық-атқару мекемесінде,   2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

2017 жылы 25 шілдеде Астана қалалық сотының апелляциялық сатысы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот құрылыс материалдары үшін қарызды өндірді

27/07/2017

2014 жылы «М» ЖШС және «Т» ЖШС арасында тауар жеткізілімі шарты жасалған, шарт бойынша жеткізуші құрылыс заттарын қоюға, ал тапсырыс беруші оларды қабылдап, ақы төлеуге міндеттенді.

Шартқа сәйкес талапкер тауарды қойды, алайда тапсырыс беруші тауар үшін төлемді толық төлемеген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арыздыяы ішінара қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Студенттерге білім беру

27/07/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы К.Тобағалиұлы «ҚазГЗУ университеті» АҚ-ның студенттеріне «Басты сот отырысын тағайындауда туындайтын сұрақтар» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

Дәріс барысында судья К.Тобағалиұлы қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін түсіндірді және қылмыстық істердің  жекелеген санаттары бойынша мысалдар келтірді.

Дәріс соңында судья К.Тобағалиұлы студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Сот көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатты

27/07/2017

Астана қаласының Ішкі істер департаменті сотқа елорда тұрғынының көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы талабымен жүгінді.

Астана қаласы наркология және психотерапия орталығының қорытындысына сәйкес, ер адам «Алкогольді тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы» диагнозымен  бақылауда және диспансерлік есепте тұрады.

Тараптар медиативтік келісім жасады

27/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы кезінде тараптар сотқа медиативтік келісім ұсынды.

Келісімге сәйкес жауапкер қарыз сомасын келісілген мерзімде төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Темір бетон өнімдерін жеткізу бойынша қарыз өндірілді

27/07/2017

2015 жылдың қараша айында «П» ЖШС мен «И» ЖШС арасында 121 159 508 теңге сомасына темір бетон өнімдерін жеткізу бойынша шарт жасалған.

Жеткізушімен шарт бойынша міндеттемелер тиісінше орындалған.

Тапсырыс беруші тек 67 278 000 теңгеге төлем жүргізгендіктен, жауапкердің «П» ЖШС  алдында 53 465 708 теңге қарыз сомасы пайда болған, ол өзара есеп айырысу актісімен расталған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкердің пайдасына қалған қарыз сомасын өндіріп алды.