Архив событий

13/07/2017

Еңбек ақыны өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

13/07/2017

Сарыарқа аудандық сотына қала тұрғыны  Б. 500 000 теңге көлемінде еңбек ақы бойынша қарызын  өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта жұмыс берушінің талапкерге  2015 жылдан бері еңбек ақысын төлемей келгендігі анықталды.

Сотта істі қарау барысында  судья медиатордың қатысуымен тараптар өзара бітімгершілікке келіп, келісімге сай жауапкер белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша қарыз ақшасын беруге келісті, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартты.

Қоғамдық тәртіпті бұзу

13/07/2017

2017 жылы 29 наурызда К. Астана қаласындағы дүкенде А.-ға бейәдеп сөздер айтып, сол әрекетімен қасындағыларға құрметтемеушілік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К. ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы 1-ші бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Кәсіпорын банкрот деп танылды

13/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Уником и К» ЖШС-нің банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Уником и К» ЖШС-і тұрғын ғимараттарды салумен айналысқан.

Сотта борышкердің 8 млн теңгеден аса салық берешегінің бар екендігі анықталды.

Борышкерде кірістің болмауына байланысты қарыз сомасын төлеу мүмкіндігі жоқ, сонымен бірге кәсіпорын 2016 жылдың шілде айынан бастап ешқандай қызмет атқармайды, қызметкерлер мен жұмысшылар жоқ.

Азаматтық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды

13/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Н» ЖШС-нің «S» ЖШС-нен орындалған жұмыс актілерін жарамды деп тану, шартқа өзгеріс енгізу, қарыз сомасын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы кезінде талапкермен жауапкер үшін жоба жұмыстарының орындалғандығы анықталды, алайда ЖШС орындалған жұмыстар үшін ақы төлемеген.

«Сот кабинеті» сервисі 2 миллионыншы электронды құжатты тіркеді

13/07/2017

Жоғарғы Соттың интернет – ресурсы «Сот кабинеті» сервисі арқылы 2 миллионыншы электронды құжат тіркелді. Бұл құжатты, яғни талап арызды  Астана қаласы Есіл аудандық сотына Наталья Евгениевна Гаушкина 2017 жылғы 11 шілдеде жолдаған.

2016 жылы  «Сот кабинеті» арқылы сотқа жіберілген 1 миллионыншы құжат тіркелген. Оны жіберген сервис қолданушысы соттағы ақпараттық технологиялардың танымдылығын арттыру мақсатында марапатталды.

Сот қолхат бойынша қарызды өндірді

13/07/2017

2015 жылы жеке өзі жазған қолхатқа сәйкес азаматша Б. өзінің танысынан АҚШ-тың 1000 доллар және 465 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты қарызға алған.

Сотта қазіргі уақытқа дейін қарыз сомасының жауапкермен қайтарылмағаны анықталды.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.