Архив событий

19/07/2017

Қызының бұзақылығы үшін ананың жауапкершілігі

19/07/2017

Ата – аналар өз балаларының тәрбиесі мен дамуы үшін жауапты болып табылады. Алайда,  көбіне ата-аналардың өз міндеттеріне салғырт қарауы  жағымсыз салдарға әкеліп соғады.

 Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен  кәмелет жасқа толмаған баланың колледж аумағында темекі өнімін пайдаланып, оны жерге тастағаны және осылай шағын бұзақылық жасағаны анықталды.

Ауызша қақтығыс әкімшілік жауапкершілікке алып келді

19/07/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат К.-ға қатысты ұзақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот талқылауы барысында дүкен қожайыны мен жеткізуші арасында мерзімі өтіп кеткен тауар үшін ауызша қақтығыс орын алғаны анықталды. Дүкен қожайыны жеткізушіге балағат сөздер айтқан және сол әрекетімен жанындағыларға құрметтемеушілік көрсеткен.

Азаматша К. әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған әкімшілік жаза ретінде 15 883 теңге сомасында айыппұл салынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтата тұру

19/07/2017

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтата тұруға қатысты өзекті мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 Іс шараға сот төрағасы мен судьялар, сонымен бірге Астана қалалық сотының судьясы К.Т.Айтқалиева қатысты.

Семинардың мақсаты сот төрелігін іске асыруда әкімшілік істер бойынша соттардың заңдарды қолдануы бойынша сот тәжірибесін зерттеу, сонымен бірге істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді анықтау болып табылады.

Судьялар заңнамадағы өзгерістерді талқылады

19/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Астана қалалық сотының судьясы М.Ж.Омарбекова, төраға, судьялар және құқық қорғау жүйесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Кодекске енгізілген өзгертулер талқыланды. Қылмыстық заңнаманы декриминализациялауға байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне қасақана соққы беру және жеңіл дене жарақатын салумен байланысты жаңа құрамдар берілді.

Сотта гендерлік саясатты іске асырудың жолдарын талқылады

19/07/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында кеңсе меңгерушісі мен сот  мамандарының қатысуымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді.

Өз сөзінде кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева, әйелдер және ерлер арасындағы мемлекеттік құқықтар мен міндеттерінің тең болу кепілі, тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, әйелдерге қатысты кемсіту бойынша сұрақтарды жою және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету туралы атап өтті.

Сарыарқа аудандық соты «Сот кабинеті» сервисін пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде

19/07/2017

Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру және «Сот кабинеті» жүйесін пайдаланушылардың санын арттыру мақсатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева үкіметтік емес ұйымының өкілдеріне кезекті түсіндірме жұмысын өткізді.

«Астана Тазалық» ЖШС жергілікті қызметкерлердің кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне арыздарды, шағымдарды, өтініштерді  «Сот кабинеті»  арқылы жолдау, қажетті сот актілерін басып алу, "Талдау" форумына өту  тәртібі түсіндірілді.