Архив событий

01/07/2017

Міндеттемені тиісінше орындамау

01/07/2017

«H» ЖК және аз.Ш арасында сатып алу-сату шарты жасалған.

Шарт талаптары бойынша жауапкер қабылдау-беру актісіне сәйкес талапкерден тауар сатып алған.

Сотта олармен тауар құнын төлеу бойынша міндеттеме орындамағаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден шарт бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сот лайықсыз тауар үшін соманы өндірді

01/07/2017

Талапкер мен «К» ЖШС арасында тауарды сатып алу-сату шарты жасалған, оның шарттары бойынша талапкер жауапкерден  TL 800 маркалы қазандықты сатып алған.

 Қазандықты орнатып, іске қосқаннан кейін, көмірқышқыл газы бөлініп,  бірқатар кемшіліктер анықталды. Осыған сәйкес, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен  жауапкерден тауар үшін төленген шығын сомасы және моральдық зиян сомасы өндірілді.       

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Медиативтік келісім

01/07/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана су арнасы» МКК-ның «А» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар медиациялық келісімге келді, оның шарттары бойынша жауапкер кәсіпорынның  шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы қарызын өтеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Жауапкермен жол-жөндеу жұмыстары орындалмады

01/07/2017

2016 жылы «Б» ЖШС мен «А» ЖШС арасында мердігерлік шарты жасалған, оған сәйкес жауапкер жол-жөндеу жұмыстарын орындауға, ал талапкер орындалған жұмысты қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттенді.

Сот отырысы барысында жауапкер шартта көрсетілген өзінің міндеттемелерін орындамағандығы анықталды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 10 млн теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.