Архив событий

24/07/2017

Әйел адам жаяу жүргіншіні қағып кетті

24/07/2017

2017 жылы 14 ақпанда Астана қаласының тұрғыны автокөлігін басқарып келе жатып, белгіленген орында жолды өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген.

Сотталушы сот отырысында өз кінәсін толық мойындады.

Сот бидай жеткізу бойынша қарыз сомасын өндірді

24/07/2017

2014 жылы «Р» ЖШС және «Д» ЖШС арасында жалпы сомасы 23 000 000 теңге болатын 500 тонна бидайды жеткізу бойынша шарт жасалған.

Шартқа сәйкес сатып алушы тауардың толық ақысын төлеген. Алайда сатушы жақтан шарттық міндеттемелер орындалмаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды және сатып алушының пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Көрсетілген қызмет үшін қарыз сомасын өндіру

24/07/2017

«Е» ЖШС мен «А» ЖШС  бірыңғай коммуналдық төлем құжатының  артқы жағында ақпаратты модуль ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызмет көрсету шарты жасалған.

Орындалған жұмыс актілеріне сәйкес талапкер жауапкере жалпы сомасы 8 млн теңгеге қызмет көрсеткен, алайда жауапкер ақы төлеу бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, «Е» ЖШС-нің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Ұры аяқ киім дүкеніне заңсыз кірді

24/07/2017

2017 жылы 5 сәуірде К. «Обувная лавка» дүкенінің құлпын бұзып, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында ішке кірмек болған.

Қауіпсіздік дабылының қағуына байланысты, К. ойындағысын іске асыра алмады, сол себепті, ол күзет және полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Жәбірленуші тарап сотқа қылмыстық істі қысқарту туралы арызбен жүгінді.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды.

Есіл аудандық соты 2017 жылдың 6 ай жұмысын қорытындылады

24/07/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотының төраға м.а. Р. Б.Мәжитов сот төрелігін асыруда 2017 жылғы 6 ай жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен  брифинг өткізді.

Брифинг барысында Руслан Мажитов өткен жылмен салыстырмалы талдау жасады және статистикалық көрсеткіштер бойынша ақпараттарды атап өтті.

Сонымен бірге, брифинг қатысушыларын соттың бітімгершілік рәсімдерін қолдану бойынша белсенді жұмыстарымен хабардар етті.