Архив событий

25/07/2017

Сот банктік несие бойынша қарыз сомасын өндірді

25/07/2017

         2016 жылы ер адам «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен банктік несие бойынша келісім шарт жасады.

         Келісім шарттарына сәйкес банк ер адамға 2млн. теңгеден астам қарыз сомасын ұсынды. Алайда борышкермен шарт бойынша міндеттер орындалмаған.

         Астана қаласы Алматы аудандық соты банктің талап арызын қанағаттандырды және борышкерден қарыз сомасын өндірді.

         Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы аудандық сотында семинар өтті

25/07/2017

Астана қаласы  Алматы аудандық сотында «Гендерлік саясатты дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

         Іс шараға сот судьялары мен мамандар қатысты.

         Семинар қатысушылары Қазақстан Республикасында гендерлік бөлуге рұқсат етілмейтіндігін және гендерлік теңдікті дамытуға барлық жағдайлар жасалып жатқандығын атап өтті.

Кәмелетке толмағандарға темекі өнімін сату

25/07/2017

          2017 жылы 5 мамырда С. дүкеннің сатушысы, кәмелеттік жасқа толмаған балаға темекі өнімін сатқан.

         С. өз іс-әрекетімен он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатуға салынған тыйымды бұзған.

         Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен  С. ҚР ӘҚБтК-нің 133 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты және оған 20 АЕК  айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.  

Есіл аудандық соты ЭКСПО-2017 көрмесін аралады

25/07/2017

         Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьялары мен мамандары халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады.

         Сот ұжымы «Нұр Әлем» ұлттық павильонының бай экспозициясымен танысты.

         Қазақстандық ғалымдардың қуат көздерінің баламалы түрлерін енгізу бойынша жұмыстары ерекше қызығушылық тудырды.

         Ұсынылған экспозициялардың арасынан Ресей, Германия, Корея және Қытай елдерінің павильондары өздерінің танымдық, ойын-сауық бағдарламаларымен ерекше көзге түсті.

Заңды тұлғалар арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

25/07/2017

2014 жылы «Д» ЖШС –нің қосалқы мердігерлік жұмыстар бойынша шартқа отырған құрылыс корпорациясының алдында қарыз пайда болған.

Сот талқылауы кезінде тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді.

Келісімге сәйкес, «Д» ЖШС-і келісілген уақытқа дейін қарыз сомасын төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Есіл аудандық соты кеңейтілген кеңестің қорытындыларын талқылады

25/07/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотының төраға м.а. Р. Мәжитов Жоғарғы Сотта өткен сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңеске байланысты жедел кеңес өткізді.

Р.Мажит Қазақстан сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңі басталғанын және соның шеңберінде  құқық үстемдігі саласындағы институционалдық реформаларды практикалық тұрғыдан іске асыру қамтамасыз етілгенін атап өтті.