Архив событий

10/07/2017

Судьялардың «24-Хабар» республикалық телеарнасына берген сұхбаты

10/07/2017

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьялары «24 Хабар» телеарнасының «Талдау» бағдарламасында сұхбат беріп, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын азаматтық дауларды қарау бойынша сот практикасына байланысты мәселелерді талқылады.

Сұхбат барысында судьялар оқу кезіне алиментті, ата-аналарын және ерлі-зайыптыларды күтіп-ұстауға арналған алимент бойынша берешекті сот тәртібімен өндіріп алу рәсімін түсіндірді.

Сотта «Сот кабинетінің» артықшылықтарын талқылады

10/07/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында судья Қ.Тобағалиұлы  және сот мамандарының қатысуымен «Сот кабинеті» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Дәріс барысында судья К.Тобағалиұлы «Сот кабинетінің» артықшылықтарын тілге тиек етіп, әсіресе құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыруға және қадағалап отыруға болатынын айтты.

 Халыққа қызмет көрсету мақсатында аудандық сот ғимаратының  фойесінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы қалай өтініштерді жіберу керектігі туралы түсіндірмелер ілінген.

Жиһазды уақытылы жеткізбеу сотқа алып келді

10/07/2017

2017 жылы 8 наурызда «А» ЖК және азамат Б.арасында жиһазды сату-сатып алу  келісім шарты жасалған.

Келісім шарт бойынша талапкермен төлемақы жасалған, оған жауапкермен берілген кіріс түбіртегі дәлел.

Сотта анықталғандай, қазіргі уақытқа дейін жауапкер тауарды талапкерге жеткізбеген, осылай шарт міндеттемелерін бұзған.

Есіл ауданының №2 аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

10/07/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрағасы Б.Есенов Есіл ауданының ІІБ-нің және Астана қаласының көші-қон полициясы мен қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті басшыларын қабылдады.

Қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы құжаттарды тапсыру тәртібі түсіндірілді.

Тергеу судьясының өкілеттігі талқыланды

10/07/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға «Қорғау Астана» РҚБ-ның, Есіл ауданының прокурорының орынбасары, Есіл ауданының ІІБ-ның өкілдері және психологтар қатысты.

Іс шара барасында тергеу судьясы А.Сансызбаева биылғы жылы қылмыстық сот төрелігінде тергеу судьясының құзыры бойынша  алға жылжу бар екендігін атап өтіп, тергеу судьясының тәжірибесінде көбінде кездесетін мәселелерді талқылады.