Тараптардың медиация тәртібінде татуласуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ж» ЖШС-нің «Ш» ЖШС-нен 44 млн теңгеден аса қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу тәсілімен татуласу рәсімдерін қолдану туралы өтініш келіп түсті.

Тараптардың келісімі бойынша жауапкер келісілген мерзімге дейін қарыз сомасын төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі