Тараптар медиациялық келісім жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында басқарушы компанияның елорда тұрғынына қатысты қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша келісім түсті.

Тараптар ер адам коммуналды қызметтер үшін қарызды төлеуге міндеттелді деген келісімге келді.

Сот медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы келісімді бекітудің салдарын түсіндірді. Тараптардың дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімін жасауы және оны соттың бекітуі кезінде ҚР АПК-нің 277-бабы 6) тармақшасына сәйкес, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады және ҚР АПК-нің 278-бабының 3-тармағына сәйкес талапкер талап қоюды беру кезінде төлеген мемлекеттік баж сомасы қайтарылуға жатады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.   

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі