Судьялыққа үміткерлер үшін семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында  аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандары үшін судья лауазымына біліктілік емтихандарын тапсыру бойынша кезекті арнайы дайындау курстары өткізілді.

Кездесудің модераторы ретінде Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы А. Г.Шаяхметова сөз сөйлеп, осындай іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын жан-жақты зерттеуге ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде судья лауазымына  кандидаттарды конкурстық іріктеу кезеңдерінің бәрінен жеңіл өтуге өз септігін береді деп атап өтті.

Сондай-ақ, судья аудандық және мамандандырылған соттарда қылмыстық істердің ведомстволығы мен соттылығы туралы түсінік берді.

Бұдан басқа, А.Г.Шаяхметова жаңа қылмыстық заңнаманың құрылымы  мен ерекшеліктерін, тергеу судьяларының өкілеттігі туралы әңгімелеп берді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі