Судьялар заңнамадағы өзгерістерді талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Астана қалалық сотының судьясы М.Ж.Омарбекова, төраға, судьялар және құқық қорғау жүйесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Кодекске енгізілген өзгертулер талқыланды. Қылмыстық заңнаманы декриминализациялауға байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне қасақана соққы беру және жеңіл дене жарақатын салумен байланысты жаңа құрамдар берілді.

Өз баяндамасында судья Г.К.Жолдасбаева, отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың ерекшеліктерін атап өтті.

Сонымен қатар, сөз бұйдалықты болдырмау мақсатында іс шара қатысушылары әкімшілік істерді уақытылы қарау бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі