Студенттер Есіл аудандық сотын аралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

         50-ден астам студент ҚР Жоғарғы Сотының мұражайын, сот отырысы залдарын, судьялардың жұмыс кабинеттерін аралады, сонымен бірге, дыбыс-бейнетіркеу жүйесінің мүмкіндіктерімен және ақпараттық технологиялармен танысты.

         Сот төрағасының м.а. Руслан Мажитов студенттермен кездесуде сот тарихы туралы, кәсіби судьяға тән қасиеттер-сот жұмысын тиімді ұйымдастыру мен сапасы туралы айтып берді.

         Кездесу соңында Руслан Мажитов студенттерді өз білімдерін шыңдауға және өз мүмкіндіктерін дамытуға шақырды.        

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі