Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жауапкершілік шаралары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында барысында судья С.К. Нурабай, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстау мақсатында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жауапкершілік шарасы қолданылатындығын айтты. Сотқа құрметтемеушілік көрсеткен кезде кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сот судьяларымен құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері талқыланды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі