Сотқа келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сотталушы Б.-ға қатысты ҚК-нің 189 бабының 2 бөлімі 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы Б. сотқа құрметтемеушілік көрсетіп, атап айтқанда тағайындалған сот отырысына себепсіз келмеген. Бұл әрекеті отырысының аудио-бейне жазбасында сақталған.

Осы аталған факт бойынша қылмыстық істі қараған төрағалық етуші судья сотталушыны сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жазаға тартты және 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі