Сот мердігерлік шарт бойынша қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер мен жауапкер арасында мердігерлік келісім шарт жасалған, оған сәйкес соңғысы талапкердің пәтеріне керме төбелерді орнату бойынша міндеттеме алған.

Сотта анықталғандай, жауапкердің өзіне алған шарт талаптары тиісті түрде орындалмаған, ол ақша қаражаттарының ішінара қайтарылуымен расталады.

Талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына жауапкерден төлемнің қалған бөлігін өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі