Сот компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы қаңтарда «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитеті Астана қаласы төтенше жағдайлар бойынша өрт сөндіру және  құтқару жұмыстары департаменті» елордалық компаниялардың бірімен мемлекеттік сатып алу келісім шартын жасаған.

Шарт талаптарына сәйкес компания бассейнмен қамтамасыз ету сервисі бойынша қызмет көрсетуге міндеттенді.

Алайда компания шарт бойынша қызметтерді орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі