Сот көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Ішкі істер департаменті сотқа елорда тұрғынының көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы талабымен жүгінді.

Астана қаласы наркология және психотерапия орталығының қорытындысына сәйкес, ер адам «Алкогольді тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы» диагнозымен  бақылауда және диспансерлік есепте тұрады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03. 2015 жылғы «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы»  №188 бұйрығына сәйкес, жауапкердің жол көліктерін жүргізуге қарсы көрсетілімдері бар.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды және ер адамның көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі