Сот бейнебақылау жүйесін қолданғаны үшін абоненттік төлемді өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы «Б» ЖШС мен «С» ЖШС арасында бейнебақылау жүйесімен абоненттік қамтамасыз етуге шарт жасалған, оған сәйкес тапсырыс беруші ай сайын бейнебақылау жүйесін қолданғаны үшін, жөндеу және техникалық қамтамасыз еткендігі үшін абоненттік төлемді төлеп отыруға міндеттенді.

Жауапкермен шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған, нәтижесінде 600 мың теңгеден астам көлемде қарыз пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі