Сот актілерін мемлекеттік тілде рәсімдеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот актілерін рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту және редакциялық-баспа жұмысы секторының меңгерушісі  К.Б.Мурсалим және бас кеңесші А.А.Тусупбекова қатысты.

 К.Б.Мурсалим 2011 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін рәсімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын семинар қатысушыларының назарына ұсынды.

«Сот актісінің құрылымы айқын, стилистикалық, грамматикалық жағынан сауатты болу керек,  өйткені сот актілерін сауатты жазу мен рәсімдеу судьяның кәсіби мәдениетінің жоғарғы деңгейінің көрсеткіші,  сот талқылауы қатысушылары мен басқа тұлғаларға құрмет болып табылады»,-деп атап өтті К.Б.Мурсалим.

Сонымен бірге судьялар қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылады.

Қорытындылай келе қатысушылар сот актілерін жазу туралы әдістеме бойынша пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі