Сот адвокаттың қатысуымен партисипативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында талапкер Б.-ның жауапкер К-ға қатысты пәтерді су басу салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар адвокаттың қатысуымен партисипативтік келісім жасасты.

Сот ұйғарымымен партисипативтік келісім бекітілді және азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі