Сарыарқа аудандық соты «Сот кабинеті» сервисін пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру және «Сот кабинеті» жүйесін пайдаланушылардың санын арттыру мақсатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева үкіметтік емес ұйымының өкілдеріне кезекті түсіндірме жұмысын өткізді.

«Астана Тазалық» ЖШС жергілікті қызметкерлердің кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне арыздарды, шағымдарды, өтініштерді  «Сот кабинеті»  арқылы жолдау, қажетті сот актілерін басып алу, "Талдау" форумына өту  тәртібі түсіндірілді.

Сот органдарының электрондық жүйесіне қолжетімділік бірыңғай терезесі арызданушылардың үйден немесе кеңседен шықпай-ақ арыз беруге немесе қарауға және де сот құжаттарының көшірмесін шығарып алуға, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. «Бұл мұмкіндіктерді біз толық пайдалануға тырысамыз», – деді Эльвира Мынбайқызы.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі