Сарыарқа аудандық соты қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«И» ЖШС және аз.К арасында сатып алу - сату туралы келісім шарт жасалған, оған сәйкес талапкер жауапкерден гидравликалық мұнараны сатып алған.

Істің мән-жайына сәйкес, аз.К ЖШС-ның шотына УСҚ қызметтері, брокерлік қызмет үшін, сондай-ақ салық және кеден төлемдері үшін ақшалай қаражат аударған. Көрсетілген келісімде ЖШС талапкерге белгіленген мерзімде ақша қаражатын кейін қайтаруы қарастырылған. Алайда, кәсіпорынмен міндеттемелер толық көлемде орындалмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкер пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі