Партисипативтік келісімнің қолдану аясын кеңейту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

          Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Дауды шешудің балама тәсілі ретінде партисипативтік келісімнің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстелге сот төрағасының м.а. Р.Б.Мажитов, сот судьялары, елордалық адвокаттар корпусының өкілдері мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның кәсіби медиаторлары қатысты.

         Іс-шараны аша отырып, Р.Б.Мәжитов өз сөзінде партисипативті рәсімді қолдану процестік заңнама мен азаматтық процесте тараптардың жарыспалылығы қағидатының іске асырылуы нақты болатындығын, өйткені аталған әдіс тараптар адвокаттардың қатысуымен жарыспалылығының белсенді түрі болып табылатындығын айта кетті.

         Адвокаттар  заң  шығарушы сотқа келген азаматтардың нәтижесіз кетпеуіне,  атап айтқанда дауды (жанжалды) осы немесе басқа тәсілмен шешуге  тырысатынын атап өтті. Аталған әрекет соттың тараптар арасында татуластыру рәсімдерін қолдана отырып жасау қажеттілігін де атап көрсетті.

         Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі