Парақорлық туралы іс бойынша қылмыстық жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігі).

Сот, 2015 жылғы 24 сәуірде сотталушы өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, жедел-режимдік қызмет бастығы орынбасарының міндетін атқара отырып, сотталушыға тиесілі ұялы телефонды тауып алған және алып қойғанын анықтады. Одан кейін алдын алу әңгімелесу үшін сотталушыны шақыртқан. Әңгімелесу барысында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пара алуға бағытталған қылмыстық пиғылға жол берген.

Сотталушы өзінің қылмыстық пиғылын іске асыра отырып, «Встреча» дүкенінің маңайында сотталушының жұбайы аз.Р-дан пара ретінде 50 000 теңге сомасында ақша алған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД ӨҚБ қызметкерлері ұстаған.

Сот отырысында сотталушы қойылған айыбындағы кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК-не сәйкес, сот шын жүректен өкінгенін және айыптының сәби балаларының бар болуын қылмыстық жауапкершілікті және жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот іс бойынша қылмыстық жауапкершілікті және жазаны ауырлатанын мән-жайларды жоқ деп қарастырды.

Іс бойынша азаматтық арыз берілмеген.

Сот үкімімен сотталушы қылмысты жасағаны жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған тиесілі жеке мүлігін тәркілей отырып, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әділет подполковнигінің арнайы атағынан айыра отырып, 2 500 000 теңге сомасында параның елу есе көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі