Архив событий

14/08/2015

Алкоголь өнімінің заңсыз айналымы

14/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен жеке кәсіпкер «Нуралин» ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабы 3-бөлімінің 7-тармақшасы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды және акцизделетін тауарлар – 163 бөтелке алкоголь өнімін тәркілей отырып, 148 650 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Электрондық құжат формасында талап арызды беру тәртібі

14/08/2015

Сарықарқа аудандық сотында «Электрондық құжат формасында талап арызды беру тәртібі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.  

Сот төрағасы М.Баркинхоев аталған іс-шараның маңыздылығын баса айтты және коммуналдық қызмет үшін берешектерді өтеуге байланысты істерді қарау барысында соттарда көптеген мәселелер туындайтынын атап өтті. 

Электрондық құжат формасында арыздарды беру туралы алғашқы таныстырумен судья А.Нұрбаева сөз сөйледі.