Архив событий

07/08/2015

Экономикалық сотта оқыту семинары өтті

07/08/2015

Бүгін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы А.Жұмағұловтың, судьялардың және сот мамандарының  қатысуларымен «Регламент бойынша процесті  жүргізу» тақырыбына семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг өткізу барысында ойын үрдісі шеңберінде қатысушылармен интерактивтік ойын өткізді. 

Қатысушылар азаматтық іс бойынша іс жүргізу заңнамасымен белгіленген  тәртіпті қатаң түрде сақтауын көрсетті.

Экономикалық сот «Ашық есік күнін» өткізді

07/08/2015

Бүгін Астана қаласының мамандандырылыған ауданаралық экономикалық соты  «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасы Ақан Жұмағұлов іс-шара барысында жеке азаматтар қабылдауын өткізіді, онда ол азаматтық құқықтық реттеу, кедендік, салықтық заңнамаларды бұзу, мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану мәселелеріне толық жауап берді, сондай-ақ сот актілеріне одан әрі шағымдану бойынша азаматтық құқықтық нормаларды түсіндірген.

Жол қозғалысы қағидасын бұзғаны үшін айыппұл

07/08/2015

Астана қаласы әкімшілік сотының қаулысымен автомашинаға соқтығысуға жол бергені үшін құқық бұзушы 19 820 теңге сомасына айыппұлға тарту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сотта құқық бұзушы «Chevrolet» маркалы автомашинасын басқарып келе жатып кедергі туындаған кезде көлік құралының жылдамдығын төмендету шарасын қабылдамағаны, оның материалдық шығын келтіре отырып көлік құралының бұзылуына әкеп соқтырғаны анықталған.

Құқық бұзушының әрекеті ҚР ҚК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.  

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Спорт және дене шынықтыру мәдениеті агенттігі төрағасының экс-орынбасарына қатысты сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды

07/08/2015

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық соттың 31.07.2015 жылғы қаулысына адвокаттың жеке шағымы бойынша келіп түскен А.Туматаевқа қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімін ұзарту туралы өтінішхатын қарастырды.

А.Туматаев ҚР ҚК-нің 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағында көзделген (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен адамның мүлігін иемдену немесе жұмсап қою) қылмысын жасаған деп күдіктелінеді.

Қоғамдық жерде төбелескені үшін айыппұл

07/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2015 жылғы 15 шілдеде «Бахыт» деген дәмхананың қасында өздерінің әрекеттерін балағат сөздермен жалғастыра отырып, рыног күзетшісімен төбелес көтерген.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік жауаптылық

07/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  іс қаралды, онда объектіні тексеру барысында  «Жеке тұрғын үйді қайта жаңарту кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласындағы құқықтық актілерінің талаптары бұзылғаны анықталған. Құқық бұзушы құрылыс - жөндеу жұмыстарын мемлекеттік  сәулет–құрылыс  бақылау органын хабардар етпей жүргізген.

Құқық бұзушының әрекеті ӘҚБК-ның 463-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру

07/08/2015

Мамандандырлыған ауданаралық әкімшілік сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік ісі қарлаған,  ол   2015 жылы 19 шілдеде «Honda» маркалы автомашинасын алкогольді масаң күйінде басқарған. 

Құқық бұзушының әрекетін полиция ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша саралаған.

Құқық бұзушы сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жазылған мән-жайды мойындады, өз әрекетінің саралануымен келісті, жасағанына өкінді.

Қ.С.Жамалиевке және басқа тұлғаларға қатысты атышулы іс бойынша Астана қаласының қылмыстық соты үкім жариялады

07/08/2015

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 126 бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып бас бостандығынан заңсыз айыру), 121 бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған  сексуалдық сипаттадағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 194 баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану арқылы аса ірі көлемде қорқытып алушылық) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпталғ

Автокөлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін жауаптылық

07/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат С-ға қатысты  іс қаралды, ол  2015 жылға 19 шілдеде  «Lexus Rx 300» маркалы автомашинасын алкогольді масаң күйінде басқарған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушының орта дәрежедегі алкогольді масаң болуы анықталған.       

Азамат Н., сот отырысында әкімшілік хаттамада жазылған мән-жайды растады.