Архив событий

21/08/2015

Алғыс хат

21/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Жер Билдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен азаматтық істің объективті және әділ қаралғаны үшін шын жүректен алғыс білдірген хат келіп түсті.

Хатта «Жер Билдинг» ЖШС-ның директоры А.Шалапаев С.Бертыбаев сияқты тәуелсіз, әділ және білікті судьялардың арқасында Ұлт жоспары – Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы қолдау тауып отырғанын, атап айтқанда заңның төрелігін қамтамасыз етуді атап өтті.

 

Сот актілеріндегі мемлекеттік тілдің деңгейі

21/08/2015

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерінде мемлекеттік тілдің қолданылу сапасы» атты тақырыпқа дөңгелек үстел жүргізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының міндетін атқарушы Қ.Тобағалиұлы, судья А.Ешмағамбетова, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы

21/08/2015

Алматы аудандық сотында «Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына сот төрағасы Г.Нәсірдінов, судьялар, мамандар, сот көмекшілері, сондай-ақ судьялыққа кандидат тағылымгерлер қатысты. 

Ғалымжан Нәсірідінов кіріспе сөз сөйледі және алдағы мерекенің маңызы мен заңдылығын айтып өтті. 

Алматы аудандық сотына алғыс хат

21/08/2015

Алматы аудандық сотына судья Мая Төлегенқызы Қасымоваға азамаша С.Галихинадан алғыс хат келіп түсті.

С.Галихина өз хатында заңды және негізделген сот шешімі үшін ризашылығын білдірді.

Қарапайым халықтың алғысы басқа кез келген марапаттан жоғары.