Архив событий

27/08/2015

Астана қаласының Есіл аудандық сотының төрағасы Астана қаласындағы Балалар үйіне барды

27/08/2015

Конституция күні және Білім күні мерекесін тойлау қарсаңында Астана қаласы Есіл аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіғалиев және кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы М.Дүйсемұратова Астана қаласының Мамандандырылған балалар үйіне барды.

Өзінің балаларға үндеуінде сот төрағасы Д.Әбдіғалиев осы жылы біз республика Конституциясының 20 жылдығын атап өтеміз және бұл мерекенің біздің егеменді мемлекетіміз үшін, әрбір азамат үшін ерекше мәні бар деп атап өтті.

Астана қаласының Есіл аудандық сотындағы ашық есік күні

27/08/2015

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімдерін арттыру болып табылатын іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев және азаматтар қатысты.

Сот төрағасы Д.Әбдіғалиев азаматтардың қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына ҚР Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерін түсіндіре отырып жауап берді.

Іс-шара соңында азаматтар сот төрағасына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары

27/08/2015

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбіғалиев, судьялар және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы Д.Әбдіғалиев өзінің сөзінде әрбір мемлекеттік қызметші үшін халыққа және мемлекетке қызмет ету барлығынан жоғары болуы қажеттігін атап өтті.